Тезис. Мемлекеттерді жіктеу


При самостоятельном желании понять тему " Тезис. Мемлекеттерді жіктеу " вам поможет наш ресурс. Для вас наши специалисты подготовили материал, изучив который вы будете разбираться в ней уровне профессионала. А если у вас останутся вопросы, то задать их вы сможете прямо на сайте написав в чат онлайн-консультанта.

оформить заявку

Слишком сложно? Тогда запросите консультацию специалиста!

Наша компания занимается тем, что помогает студентам выполнять различные учебные работы на заказ. Вы можете ознакомиться с перечнем выполняемых работ, а так же с их стоимостью на странице с ценами.

ознакомиться с условиями

Краткое пояснение: Тезис. Мемлекеттерді жіктеу

АСТАНА 2015

 

УДК

ББК

О __

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Білім беру бағдарламалары орталығының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынады

 

Пікір жазғандар:

Саипов А.А.– педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры;

Жәнісов Ә.Т. – тарих ғылымдарының кандидаты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.

 

Құрастырушы-автор: Қаратабанов Р.А.

 

О __ Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал/ Р.А. Қаратабанов. – Астана.: Білім беру бағдарламалары орталығы, 2015. - __б.

 

 

ISBN

 

 

Осы әдістемелік құрал «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын оқытатын мұғалімге көмек ретінде әзірленген. Оқу құралында 11-сынып бағдарламасының негізгі тақырыптарын қамтитын тезистер ұсынылған.

 

УДК

ББК

 

 

ISBN

 

© «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тезис. Социологиялық зерттеулердің анықтамасы, оның функциялары және түрлері

2-тезис. Социологиялық зерттеулердің әдістері мен кезеңдері

3-тезис. Мемлекеттің анықтамасы, оның белгілері және функциялары

4-тезис. Мемлекеттерді жіктеу

5-тезис. Саясаттың қажеттілігі, функциялары және бағыттары

6-тезис. Мемлекеттік аппарат және ішкі саясат

7-тезис. Қоғамның анықтамасы, тіршілік ету орталары және институттары

8-тезис. Қоғамның стратификациясы

9-тезис. Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік жанжал

10-тезис. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары

11-тезис. Мәдениеттің типтері мен институттары. Мәдени мұра




12-тезис. Экономиканың анықтамасы, мақсаттары және міндеттері. Экономикалық жүйелердің типтері

13-тезис. Экономика субъектілері және өсу факторлары

14-тезис. Геосаясаттың анықтамасы, оның әдістері және функциялары

15-тезис. Геосаясат құралдары. Геосаяси жағдайды бағалау. Геосаяси қуат

16-тезис. Жаһанданудың анықтамасы және құралдары

Қорытынды

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

 

Кіріспе

Осы оқу құралы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын оқытатын мұғалімге көмек ретінде әзірленген. Оқу құралында 11-сынып бағдарламасы бойынша пәндердің негізгі тақырыптық бөлімдері бойынша тезистер ұсынылған. Пән бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың әр түрлі бағыттары бойынша білімдерді біріктіреді.

«Қазіргі әлемдегі Қазақтан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнының миссиясы, мақсаты және міндеттері

Пәннің миссиясы: оқушыларды «патриоттықты әрекет» көрсетуге итермелеу және үйрету, Қазақстанның дамуына жеке жауапкершілікті қалыптастыру.



Пәннің мақсаты: әлемдік даму аясында қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси дамуының біртұтас бейнесін қалыптастыру.

Пән міндеттері:

· «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық (мемлекеттік) идея құндылықтарын іс жүзінде толықтай іске асыру;

· азаматтылықты, қазақстандық сәйкестікті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

· өзінің Қазақстан тарихындағы, табиғатындағы, қоғамындағы, мәдениетіндегі, экономикасындағы, Қазақстан халқы және мемлекет құндылықтары мен басымдықтары жүйесіндегі орнын түсінуді және анықтауды қалыптастыру;

· Қазақстанның қазіргі тарихы және мәдениеті, географиясы, саяси, әлеуметтік және экономикалық шындықтарын әлемдік қауымдастықтың дамуы және Қазақстанның ұлттық мүдделері аясындағы біртұтас білімдерді және біртұтас түсінікті қалыптастыру;

· Қазақстанда болып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени геосаяси үдерістердің болмысын түсінуді дамыту;

· оқушылардың мемлекеттік және қоғамдық мүдделер, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік дамуын жақсартуға бағытталған даму үлгілері, реформалары және стратегиялары туралы білімдерін кеңейту;

· қазіргі Қазақстанның жаһандық әлемдегі рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;

· Қазақстанның даму үдерістерін және көрсеткіштерін зерттеулер негізінде жақсарту бойынша шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамыту;

· Қазақстан мемлекеті туралы білімді және мемлекеттік тілді білуді үйлесімді дамыту.

Тақырыптардың тезистері, ең алдымен, мұғалімге арналған. Оқу құралының қажеттілігі басқа пәндердің мазмұнында ашылмайтын көптеген тақырыптардың жаңашылдығына байланысты. Тақырыптардың тезистері пән мақсатын толықтай іске асыру үшін социологиялық зерттеулер, мемлекеттану, саяси үдерістер, қоғамтану, мәдениет және экономиканы дамыту, геосаясат және жаһандану бойынша қажетті білімнің теориялық минимумын қалыптастыруды көздейді.

Оқу құралында Қазақстанда болып жатқан көптеген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени үдерістер толық ашылмайды. Тақырыптардың тезистері осы үдерістер туралы түсінікті қалыптастыруға арналған. Мұғалімдерге теориялық минимум негізінде оқушылар үшін оларды оқу құралында ұсынылған білімдерді қолдануға бағдарлайтын, Қазақстандағы шынайы үдерістерді әр тақырыпты оқыған сәтте өзекті болатын әр түрлі деректерді пайдаланып, талдау үшін тапсырмаларды әзірлеген жөн.

Құрылымы жағынан әрбір тақырып бойынша тақырыптардың тезистері тақырыптың атауынан, бағдарламаға сәйкес оқу мақсатынан және тақырып тезисінен құралады.

 

 

1-тезис. Социологиялық зерттеулер анықтамасы, оның функциялары және түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.1.1 қоғамдық-гуманитарлық (социологиялық) зерттеулердің маңыздылығын, деңгейлері мен түрлерін анықтау

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Социологиялық зерттеу- жаңа ақпаратты алуға бағытталған әлеуметтік нысандарды, қатынастарды, үдерістерді зерттеу және теориялар мен әдістер негізінде қоғамдық өмірдің заңдылықтарын айқындау. Басқа маңызды анықтама - қатаң деректерді жинауға және оларға логикалық түсініктеме беруге негізделген әлеуметтік дүние туралы білімдерді алу тәсілі.

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

- танымдық -қоғамның және оның жекелеген салаларының әрекеті және дамуы туралы, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болмысы туралы, олардағы адамның рөлі туралы жаңа білімдерді ашады, социумның шынайы өмірінің біртұтас суретін құруға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді;

- әдіснамалық - адам және қоғам туралы басқа ғылымдармен пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтің шындықтық зерттеудің жаңа қырларына, әр түрлі ғылыми бағыттар тоғысындағы маңызды жаңалықтарға әкеледі;

- тәжірибелік -әлеуметтік шынайылылықты жетілдіру, үдерістерге тиімді бақылау жасау бойынша тәжірибелік шараларды әзірлеуден құралады;

- ақпараттық -қоғамдық өмір құбылыстары мен үдерістерінің күйі және даму үрдістері туралы, қауымдастықтардың, топтардың, жекелеген индивидтердің әрекеттері, олардың қажеттіліктері, уәждері, шынайы және вербальды іс-қимылдары, қоғамдық пікір туралы ақпараттың алуына септігін тигізеді, ал бұл шынайылықты танудың ақпараттық негізін қалыптастырады;

- басқарушылық -социумның әрекет етуінің барлық деңгейінде әлеуметтік басқаруды, басқару субъектілері (билік, әкімшілік құрылымдар, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары) мен объектілері (халық, жекелеген әлеуметтік топтар, қызметкерлер) арасындағы кері байланысты, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Социологиялық зерттеулердің деңгейлері

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес зерттеулерді іргелі және қолданбалы деп бөледі.

Іргелі (немесе ғылыми) зерттеулер, әдетте, ғылыми мақсаттарда жүргізіледі: пән бойынша білімдерді толықтыру, әлеуметтік үдерістерді жақсы түсіну, қандай да бір теорияда әлеуметтік іс-қимылдарды түсіндіру, жоққа шығару немесе растау үшін. Әдетте, негізін қалайтын зерттеулердің әлеуметтік тану деңгейі тәжірибелік құраушысынан басым болады.

Қолданбалы зерттеулер тәжірибелік мақсаттарды көздейді - олардың нәтижелері әлеуметтік жұмыс, білім беру, еңбек қатынастары, қалалық жоспарлау, әлеуметтік саясат тәжірибесінде тікелей қолдануға арналған. Олар нақты ұсыныстар, кеңестер, ұсынымдар немесе басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау үшін қажетті деректер түрінде ресімделуі мүмкін. Кез келген қолданбалы зерттеу оларды басқару тәжірибесінде қолдану үшін зерттелетін құбылыс туралы шынайы деректерді алу - бірыңғай мақсатымен байланысты рәсімдердің жүйесі түрінде болатынын айтуға болады.

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Социологиялық зерттеудің нақты түрі алға қойылған мақсаттың және міндеттердің сипатына байланысты, соған сәйкес социологиялық зерттеулердің үш негізгі түрі бар:

ü барлаушы;

ü сипаттаушы;

ü талдаушы.

Барлаушы зерттеу- социологиялық талдаудың ең қарапайым түрі, өзінің мазмұны бойынша өте шектелген міндеттерді шешеді; әдетте, ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және жеңілдетілген бағдарлама мен көлемі бойынша - әрбір зерттеу үшін арнайы әзірленетін бастапқы ақпаратты (сұхбат алатын бланк, жаппай немесе сараптамалық сауалнама, іріктеу жобалары, бастапқы ақпаратты математикалық талдау және т.с.с.) жинауға арналған құралдар пакеті түріндегі шағын әдістемелік құралға негізделеді. Социологиялық зерттеудің бұл түрі төмендегі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

- әдістемелік құралдары тексеру және оны түзету үшін терең және ауқымды зерттеулердің алдын ала кезеңінде;

- зерттеу объектісі туралы «шамалайтын» мәліметтерді жинау үшін;

- социологиялық зерттеу мәні аз зерттелгенде немесе мүлде зерттелмегенде, зерттеу мәні және объектісі туралы қосымша мәліметтер алу үшін, зерттеудің кейбір міндеттері мен гипотезаларын, сондай-ақ оның әдістемелік құралын нақтылау қажет болған жағдайда.

Барлаушы социологиялық зерттеуде, әдетте, қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік беретін сұхбат немесе сауалнамалық сұрау, фокус-топтар әдісімен топтық сұхбат алу сияқты бастапқы ақпаратты жинау әдістері қолданылады.

Сипаттаушы зерттеу барлаушы зерттеуге қарағанда талдаудың күрделірек түрі болып табылады, себебі ол өзінің мақсаттары мен міндеттері бойынша зерттелетін объект, құбылыс туралы біршама біртұтас түсінік беретін тәжірибелік ақпаратты алуды көздейді. Бұл зерттеу түрі зерттеудің объектісі әр түрлі сипаттамалармен (қала, аудан, облыс, өңір және т.б. халқы) ерекшеленетін адамдардың біршама үлкен жиынтығы болғанда қолданылады.

Талдаушы зерттеу- талдаудың ең күрделі және терең түрі. Оның мақсаты зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін және берілген құбылыстың таралуы, динамикасы, тұрақтылығы/тұрақсыздығы негізіндегі себеп-салдарлық байланыстарын сипаттаудан құралады. Талдаушы зерттеу түрі зерттеу объектісіне әсер ететін факторлардың кешенін солардың ішіндегі негізгі және жанама, уақытша және тұрақты, айқын және латентті (жасырын), басқарылатын және басқарылмайтын түрлерін айқындап, қарастырады. Сондай зерттеудің бағдарламасы мұқият әзірленеді және ұзақ уақытты алады, себебі барлаушы немесе сипаттаушы зерттеуге жүгініп, зерттелетін құбылыстың жекелеген жақтары туралы алдын ала ақпаратты жинауды жиі талап етеді. Талдаушы зерттеу барысында бір-бірін толықтыратын социологиялық әдістердің кешені, сұраудың, құжаттарды талдаудың, қадағалаудың әр түрлі нысандары қолданылады.

Социологиялық тәжірибе талдаушы зерттеудің бір түрі болып табылады. Оның жүргізілуі зерттелетін объектінің жұмыс істеуінің қалыпты жағдайларын өзгерту арқылы арнайы тәжірибелік жағдайларды жасауды көздейді. Тәжірибе – нәтижелері тікелей тәжірибеге шығатын қандай да бір гипотезаларды тексеруді мақсат ететін әдіс.

Оның жүргізу логикасына қандай да бір тәжірибелік топты (топтарды) таңдау және оны өзгеше жағдайға салу (белгілі бір фактор әсер ететін) көмегімен зерттеушіні қызықтыратын сипаттамалардың өзгеру бағытын, шамасын және тұрақтылығын бақылау жатады.

Тәжірибелердің далалық және зертханалық, сызықтық және параллель деген түрлері бар. Тәжірибеге қатысушыларды іріктегенде, жұппен іріктеу немесе құрылымдық сәйкестендіру, сондай-ақ кездейсоқ іріктеу әдістерін қолданады.

Тәжірибені жоспарлауға және оның логикасына келесі рәсімдер қамтылады:

1) тәжірибелік және бақыланатын топтар ретінде пайдаланылатын объектіні таңдау;

2) қорытынды, факторлық және бейтарап белгілерді таңдау;

3) тәжірибе жағдайларын анықтау және тәжірибелік жағдайды құру;

4) гипозеталарды қалыптастыру және міндеттерді анықтау;

5) тәжірибе өтуінің индикаторларын және бақылау тәсілін таңдау.

2-тезис. Социологиялық зерттеулердің әдістері мен кезеңдері

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

11.1.1.2 қоғамдық-гуманитарлық (социологиялық) зерттеулерде сандық және сапалық әдістерді қолдану;

11.1.1.3 қоғамдық-гуманитарлық (социологиялық) зерттеулерді жоспарлау;

11.1.1.4 шағын қоғамдық-гуманитарлық зерттеулерді жүргізу.

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ

Социологиялық зерттеулердің әдістері мыналарды қамтиды:

- ақпаратты жинау әдістері:қадағалау, сұрау, құжаттарды талдау, тәжірибе және т.б.;

- деректерді өңдеу және талдау әдістері:факторлық, латентті-құрылымдық, корреляциялық, регрессивтік, дисперсионды талдау, саралау, межеге бөлу, индекстеу және т.с.с.;

- теорияны құру әдістері:дедуктивті, индуктивті, салыстырмалы, себептік, құрылымдық-функционалдық, генетикалық, идеографиялық және т.б.

Социологиялық зерттеулердің кейбір әдістерінің сипаттамасы

Социологиялық сұрау зерттеудің ерекше социологиялық әдісі болып табылады, онсыз ешбір социологиялық зерттеу өтпейді. Бұл социологиялық тәжірибелік әдіс адамның көп бөлігінен ақпараттың шектелген көлемін жинауда теңдессіз және екі түрде қолданылуы мүмкін:

сауалнама алу, сұралатын тұлғаның өзі сауалнама алушының қатысуымен немесе қатысуынсыз сауалнаманы толтырады; тікелей және сырттай болуы мүмкін; сырттай сауалнама алу нысандары ішінде кеңінен таралғаны пошталық, сондай-ақ баспасөз (газет, журнал) арқылы сұрау болып табылады; сауалнама алудың маңызды артықшылығы жасырындылық қағидаты болып табылады, алайда оның өзі сауалнамашы (сұралушы) жауаптарының шынайылығына кепілдік бермейді, сондықтан да зерттеуші осы факторды алынған ақпаратты талдағанда ескеруі тиіс;

сұхбат алу, мұнда зерттеуші сұрақтарды өзі қойып, жауаптарды тіркейтін сұралатын тұлғамен жеке қарым-қатынасты білдіреді. Ол тікелей сұхбаттасу («бетпе-бет») не болмаса белгілі бір зат арқылы (мысалы, телефонмен сұхбаттасу) нысанында жүргізіледі. Сұхбат алу – мақсатқа сәйкес әңгімелесу, оның мақсаты - зерттеу бағдарламасымен көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады. Сұхбат алудың сауалнамалық сұраудан артықшылығы - сұралатын тұлғаның мәдениет деңгейін, оның интонациясымен берілетін сұрау тақырыбына және жекелеген мәселелерге қатынасын ескеру мүмкіндігі, сұралушының тұлғасын ескеріп, сұрақтардың құрылымын және алдыңғы жауаптарының мазмұнын икемді өзгерту, қажетті қосымша сұрақтарды қою мүмкіндігі.

Белгілі бір икемділікке қарамастан, сұхбат зерттеудің белгілі бір бағдарламасына және жоспарына сәйкес жүргізіледі, онда барлық негізгі сұрақтар мен қосымша сұрақтардың нұсқалары тіркеледі.

Сұхбат алудың келесі типтерін атап көрсетуге болады:

1) мазмұны бойынша (құжаттамалық, пікірлердің сұхбаты);

2) техникасы бойынша (еркін және стандартты);

3) өткізу рәсімі бойынша (қарқынды, шоғырландырылған).

Сұхбат алушының (зерттеушінің) сұрақтарына жауап беретін социологиялық сұрауға қатысушы сұхбаткер деп аталады.

Қолданбалы әлеуметтану әдістері жүйесінде жаппай сұраулар мен сараптамалық сұрау түрінде келтірілетін арнайы сұраулар болады.

Сараптамалық сұраусоциологиялық сұраудың түрі ретінде тәжірибелік деңгейде зерттелетін саладағы мамандар пікірі негізінде алынған ақпараттың шынайылығын және объективтілігін тексеруге мүмкіндік береді.

Жаппай сұраулар адамдардың көп бөлігін сұрау қажет болған жағдайларда қолданылады. Жаппай сұраудағы ақпараттың негізгі көзі халықтың демографиялық, әлеуметтік-кәсіби, этникалық, діни және басқа топтары болып табылады.

Сұрау - социологиялық ақпаратты жинау:

1) зерттеушінің мазмұны тәжірибелік индикаторлар деңгейінде зерттелетін мәселені көрсететін сұрақтармен белгілі бір адамдар (сұхбаткерлер) жиынтығына ауызша немесе жазбаша өтінішін;

2) алынған жауаптардың тіркелуін және статистикалық өңделуін, олардың теориялық түсіндірілуін көздейді.

Әрбір орын алған жағдайда сұрау тікелей қатысушыға жүгінуді көздейді және үдерістің тікелей қадағалауына аздап жататын немесе мүлде қадағаланбайтын жақтарын көздейді. Социологиялық зерттеудің бұл әдісі аса қажет және кең таралған.

Сұхбаткерлермен жазбаша немесе ауызша қарым-қатынас жасау нысанына байланысты сұраудың негізгі түрлері сауалнама алу және сұхбат алу болып табылады. Олардың негізіне сұхбаткерлерге ұсынылатын сұрақтардың жиынтығын және бастапқы деректердің массивін құрайтын жауаптар жатады. Сұрақтар сұхбаткерлерге сауалнама немесе жауап алу парағы арқылы қойылады.

Сауалнамалық сұраулар қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымы бойынша жіктеледі. Сұхбаткерлер еркін нысанда жауап беретін ашық сұрақтар болады. Жабық жауап алу парағында жауаптардың барлық нұсқалары көзделген. Жартылай жабық сауалнамалар екі рәсімді де қамтиды.

Социологиялық сұрау дайындағанда және өткізгенде үш негізгі кезеңге бөледі.

Бірінші кезеңде сұраудың теориялық алғышарттары анықталады:

1) мақсаттары мен міндеттері;

2) мәселе;

3) объект және мәні;

4) бастапқы теориялық ұғымдардың операциялық анықтамасы, тәжірибелік индикаторларды табу.

Екінші кезең барысында іріктеме негізделеді, төмендегілер анықталады:

1) басты жиынтық (сұраудан алынған нәтижелерді қолдану көзделген халықтың таптары және топтары);

2) іріктеменің соңғы сатысында сұхбаткерлерді іздеу және іріктеу қағидалары.

Үшінші кезеңде сұрау парағы (сұраулық) негізделеді:

1) сұхбаткерлерге арналған сұрақтар түрінде зерттеу мәселесінің мазмұнды қайта таныстырылуы;

2) ізделген ақпараттың көзі ретінде сұралатын жиынтық мүмкіндіктеріне қатысты сұраулықтың негіздемесі;

3) сұрауды ұйымдастыру және жүргізу, сұхбаткермен байланыс орнату, жауаптарды тіркеу бойынша сауалнамашылар және сұхбат өткізушілер үшін қойылатын талаптарды және нұсқауларды стандарттау;

4) АКТ қолданып, нәтижелерді өңдеу үшін алдын ала жағдайларды қамтамасыз ету;

5) сұрауға қойылатын ұйымдастыру талаптарын қамтамасыз ету.

Бастапқы ақпарат көзіне (тасушысына) байланысты жаппай және маманданған сұрауларболады.Жаппай сұрауда ақпараттың негізгі көзі ретінде қызметі талдау мәнімен тікелей байланысты әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері болады. Жаппай сұрау қатысушыларын сұхбаткерлер деп атау қалыптасқан.

Маманданған сұрауларда ақпараттың басты көзі кәсіби немесе теориялық білімдері, өмірлік тәжірибесі беделді қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін құзыретті тұлғалар болады. Сондай сұраулардың қатысушылары зерттеушілерді қызықтыратын сұрақтар бойынша салмақты баға беруге қабілетті сарапшылар болып табылады. Бұдан әлеуметтануда кең таралған сұрау әдістерінің бірі - сараптамалық бағалау әдісі сияқты атауы шыққан.

Социологиялық бақылау қолданбалы әлеуметтанудың маңызды әдісі болып табылады және зерттеушінің зерттелетін құбылыс, объект қасиеттерін және ерекшеліктерін мақсатты жүйелі тіркеуін білдіреді. Қадағалау кезінде адамдардың жүріс-тұрыс ерекшеліктері зерттеледі, олар зерттеушімен қадағалау бланкінде немесе күнделігінде, фото және бейне түсірілімінде және т.с.с. тіркеледі; барлық түріндегі (тәжірибеге қатысушылардың жүріс-тұрысы, эмоциялары, мимикасы және т.с.с.) қадағалаудың бүкіл үдерісінің талдауын қамтитын бастапқы ақпарат жиналады. Қадағалау ғылыми әдіс ретінде психологияда және адамдардың жүріс-тұрысын зерттеуге маманданған әлеуметтік психологияда кеңінен қолданылады, сондай-ақ әлеуметтануда да аталмыш әдіс өзінің мәндік жолын тауып, әлеуметтік талдаудың көптеген сұрақтарын сәтті шешуге мүмкіндік береді. Қадағалау шынайы болмыс құбылыстарын мақсатты қабылдау болып табылады, соның барысында зерттеуші сыртқы тараптар, күйлер және зерттелетін объектілерге қатысты білімдерді алады. Осындай қадағалауларды тіркеу нысандары мен тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: қадағалау бланкі немесе күнделігі, фото-, кино- немесе телеаппарат және басқа техникалық құралдар. Қадағалаудың ақпаратты жинау әдісі ретінде ерекшелігі - зерттелетін объект туралы жан-жақты әсерді талдау мүмкіндігі.

Жүріс-тұрыс, мимика, қимылдар мен эмоцияларды білдіру сипатын тіркеу мүмкіндігі бар. Қадағалаулың екі негізгі типі бар: қамтылған және қамтылмаған.

Егер әлеуметтанушы адамдардың жүріс-тұрысын топтың қатысушысы ретінде зерттейтін болса, онда ол қамтылған қадағалауды (этнографиялық зерттеу) жүргізеді. Егер әлеуметтанушы жүріс-тұрысты сырттай зерттесе, онда ол қамтылмаған қадағалауды жүргізеді.

Қадағалаудың басты объектісі ретінде жекелеген адамдардың және әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысы және солардың қызмет ету жағдайлары болуы мүмкін.

Контент-талдау дегеніміз - әлеуметтік ақпараттың кез келген түрін сандық талдау, атап айтқанда, құжаттардың - хаттамалардың, баяндамалардың, әр түрлі басылымдардың, хаттардың және т.с.с. талдауы. Бұл әлеуметтік-тәжірибелік әдіс әлеуметтік зерттеу нәтижесінде алынған сапалық талдау субъективтілігін азайтуға септігін тигізеді. Қазіргі кезде осы әдісті қолдану компьютерлік технологияларды кеңінен пайдаланумен байланысты. Құжаттарды талдау – бастапқы ақпаратты жинаудың кең қолданылатын әрі тиімді әдістерінің бірі.

Зерттеу мақсаты құжаттан талдау үшін маңызды және мәтіндік ақпараттың мазмұнын ашатын тақырыптың барын көрсететін индикаторларды іздеу болып табылады. Құжаттарды зерттеу белгілі бір құбылыстар мен үдерістердің өзгеру және даму үрдісі мен динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік ақпараттың көзі ретінде, әдетте, хаттамаларда, баяндамаларда, қарарларда, шешімдерде, басылымдарда, хаттарда және т.с.с. қамтылатын мәтіндік хабарламалар болады.

Көп жағдайда зерттелетін құбылыстың немесе үдерістің сипаттамалары және нақты-тарихи дамуы үшін пайдаланылатын әлеуметтік статистикалық ақпарат айрықша рөлді атқарады.

Біріктіруші сипат ақпараттың маңызды ерекшелігі болып табылады, бұл қандай да бір топқа біртұтас нәрсе ретінде қарауды білдіреді.

Ақпарат көздерін іріктеу зерттеу бағдарламасына байланысты, бұл ретте нақты немесе кездейсоқ іріктеу әдістері қолданылуы мүмкін.

Оның мынадай түрлері бар:

1) құжаттарды сырттай талдау, бұл кезде құжаттардың туындау жағдаяттары, олардың тарихи және әлеуметтік мәнмәтіні зерттеледі;

2) ішкі талдау, бұл кезде құжаттың мазмұны, дереккөздің мәтіні, куәландыратын нәрсенің бар болуы және құжатта хабарланған шынайы үдерістер мен құбылыстар зерттеледі.

Құжаттарды зерттеу сапалық (дәстүрлі) немесе нысандандырылған сапалық-сандық талдаумен (контент-талдаумен) жүргізіледі.

Қазіргі ақпараттық қоғам дамуының басты белгісі адамдарды, институттарды және мемлекеттерді өзара байланыстыратын желілер болып табылады. Әр түрлі дереккөздерден ақпаратқа қолжетімділікті, сондай-ақ сұхбаткерлермен электрондық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін жаһандық іздеу жүйелері және электрондық пошта сияқты ақпаратты өңдеу және өңделудің жаңа құралдары пайдаланылады. Онлайн-сұрауларды қолдану сондай тәсілмен алынған деректердің көрнекілігін талдауды талап етеді, себебі ғаламтор желісі арқылы алынған ақпараттың шынайылығы, сондай-ақ онлайн-сұрау барысында ақпаратты жинау рәсімі туралы сұрақтарды тудырады.

Зерттеудің бір мәні социологиялық талдауға бірнеше рет ұшырауы мүмкін, соның арқасында оның қозғалыстағы дамуына бақылау жасауға болады. Осыған байланысты нүктелік және қайта зерттеуді ажыратады.

Нүктелік (бір реттік) зерттеу зерттелетін объект туралы оны зерттеу сәтіндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді, бірақ оның өзгеру динамикасы және даму үрдісі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Қайта зерттеу зерттелетін құбылыс, объект туралы ақпаратты жинау және оны зерттелетін объект динамикасын анықтау үшін салыстыру мақсатында бірыңғай бағдарламалар мен әдістемелік құрал негізінде нақты уақыт аралығынан соң белгілі бір уақыт бойы жүргізеді. Бұл ретте қайта зерттеуде зерттеліп таңдалатын жиынтықпен (сұхбаткерлердің жиынтығы) байланысты өзінің ерекшеліктері бар.

Егер бірнеше зерттеу бойы олардың қатысушылары бірыңғай тұлғалар (сұхбаткерлер) болса, онда мұндай зерттеу панельді деп аталады.

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Социологиялық зерттеу белгілі бір кезеңдердің кезектілігін көздейді.

Бірінші кезеңде зерттеу бағдарламасы қалыптастырылады: зерттеудің мақсаты, оның міндеттері, жоспары, таңдалған мәселенің өзектілігіне негізделген гипотезасы қалыптастырылады, ақпаратты жинау тәсілдері, оның өңдеу әдістері, зерттеуді жүргізу мерзімдері және т.с.с. анықталады.

Мақсат соңғы нәтижеге бағдарланады. Мақсаттар теориялық және қолданбалы болуы мүмкін. Теориялық мақсат – әлеуметтік бағдарламаға сипаттама немесе түсініктеме беру. Теориялық мақсатты іске асыру ғылыми білімнің артуына әкеледі. Қолданбалы мақсаттар одан әрі ғылыми даму үшін тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған.

Міндеттер – жеке бөліктер, мақсатқа жетуге септігін тигізетін зерттеу қадамдары. Міндеттерді қою белгілі бір дәрежеде алға қойылған мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-әрекеттер жоспарын білдіреді. Міндеттерден сұрақтар құралады, оларға мақсатты іске асыру үшін жауаптар алынуы тиіс. Міндеттер негізгі және жеке болуы мүмкін. Негізгілері зерттеудің басты сұрақтарын шешу құралы болып табылады. Жекелері – қосалқы гипотезаларды тексеру, қандай да бір әдістемелік сұрақтарды шешуге арналады.

Бірыңғай түсіну аппаратын пайдалану мақсатында социологиялық зерттеуде негізгі ұғымдар, олардың тәжірибелік түсіндірмесі және операцияландырылуы анықталады, оның барысында зерттеу мәнінің сапалық жақтарын көрсететін қатаң берілген критерийлер бойынша негізгі ұғымның элементтерін анықтау жүзеге асырылады.

Логикалық талдаудың бүкіл үдерісі теориялық, абстрактілік ұғымдарды операциялық ұғымдарға ауыстыруды, соның көмегімен тәжірибелік деректерді жинау үшін құралды құрастыруды білдіреді.

Объектіні алдын ала жүйелі талдау - зерттелетін мәселені үлгілеу, оны элементтерге мүшелеу, проблемалық жағдайды егжей-тегжейлі бөлу. Бұл зерттеу мәнін нақтырақ елестетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу бағдарламасын әзірлеуде оның басты әдіснамалық құралын нақтылайтын гипотезаны қалыптастыру маңызды орынды алады.

Гипотеза – құбылыс себептері, зерттелетін әлеуметтік құбылыстар арасындағы өзара байланыстар, зерттелетін мәселе құрылысы, әлеуметтік мәселелерді шешудің тәсілдері туралы ықтималды болжам.

Гипотеза зерттеуге бағыт береді, зерттеу әдістерін таңдауға және сұрақтарды құрастыруға әсер етеді.

Зерттеу гипотезаны растауы, теріске шығаруы немесе түзетуі тиіс.

Гипотезаның бірнеше типін бөлуге болады:

1) негізгі және қорытынды;

2) негізгі және негізгі емес;

3) бастапқы және қайталама;

4) сипаттаушы (объектілердің қасиеттері туралы, жекелеген элементтер арасындағы байланыс сипаты туралы болжам) және түсіндіруші (зерттелетін әлеуметтік үдерістер мен құбылыстардың байланыстары мен себеп-салдардың тәуелділіктері тығыздығының дәрежесі туралы болжам).

Гипотезаларды құруға қойылатын негізгі талаптар. Гипотеза:

1) тәжірибелік түсініктеме берілмеген ұғымдарды қамтымауы тиіс, әйтпесе, оны тексеру мүмкін емес;

2) бұрын белгіленген ғылыми деректерге қарама-қайшы болмауы тиіс;

3) қарапайым болмауы тиіс;

4) теориялық білімнің, әдіснамалық жасақталудың және зерттеудің тәжірибелік мүмкіндіктерінің берілген деңгейінде тексеріле алатындай болуы тиіс.

Гипотеза құрудағы негізгі қиындық оның айқын және дәл түсініктерді қамтитын зерттеу мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес болу қажеттілігі болып табылады.

Социологиялық зерттеудің екінші кезеңінде бастапқы ақпаратты тікелей жинау жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпаратты жинаудың әр түрлі әдістері – сауалнама алу немесе сұхбат алу нысанындағы социологиялық сұрау; контент-талдау (зерттеушілердің жазбалары, құжаттардан үзінділер және құжаттамалық сипаттағы әр түрлі дереккөздерден алынған басқа мәліметтер); қадағалау, тәжірибе және т.б. қолданылады.

Үшінші кезеңде социологиялық зерттеу барысында арнайы компьютерлік бағдарламалар негізінде жиналып алын&

Конечно, для полного рассмотрения вопроса 'Тезис. Мемлекеттерді жіктеу', приведенной информации не достаточно, однако чтобы понять основы, её должно хватить. Если вы изучаете эту тему, с целью выполнения задания заданного преподавателем, вы можете обратится за консультацией в нашу компанию. В нашей команде работает большой состав специалистов, которые разбираются в изучаемом вами вопросе на экспертном уровне.

Заказ

ФОРМА ЗАКАЗА

Бесплатная консультация

Наша компания занимается написанием студенческих работ. Мы выполняем: дипломные, курсовые, контрольные, задачи, рефераты, диссертации, отчеты по практике, решаем тесты и задачи, и многие другие виды заданий. Чтобы узнать стоимость, а так же условия выполнения работы заполните заявку на этой странице. Как только менеджер увидит ваше сообщение, он сразу же свяжется с вами.

Этапность

СОПРОВОЖДЕНИЕ КЛИЕНТА

Получить работу можно всего за 4 шага

01
Оставляете запрос

Оформляете заказ работы, заполняя форму на сайте.

02
Узнаете стоимость

Менеджер оценивает сложность. Узнаете точную цену.

03
Работа пишется

Оплачиваете и автор приступает к выполнению задания.

04
Забираете заказ

Получаете работу в электронном виде на вашу почту.

Услуги

НАШ СЕРВИС

Что мы еще делаем?

icon
Рефераты

от 580 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Семестровые работы

от 1480 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Творческие работы

от 180 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Online помощь

от 380 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Авторефераты

от 7800 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Презентации

от 280 рублей

ПОДРОБНЕЕ