Г) 10-тен 25 мА дейін 7 страница


При самостоятельном желании понять тему " Г) 10-тен 25 мА дейін 7 страница " вам поможет наш ресурс. Для вас наши специалисты подготовили материал, изучив который вы будете разбираться в ней уровне профессионала. А если у вас останутся вопросы, то задать их вы сможете прямо на сайте написав в чат онлайн-консультанта.

оформить заявку

Слишком сложно? Тогда запросите консультацию специалиста!

Наша компания занимается тем, что помогает студентам выполнять различные учебные работы на заказ. Вы можете ознакомиться с перечнем выполняемых работ, а так же с их стоимостью на странице с ценами.

ознакомиться с условиями

Краткое пояснение: Г) 10-тен 25 мА дейін 7 страница

Оқ-дәрілік құрал-саймандарда патрондағы оқ-дәрі жанған кезде түзілетін жарылыстың нәтижесінде алынатын қуат пайдаланылады. Оларға: ПНЦ52-1 құрылыс-монтаж пистолеттері; болат дюбельдерді қағуға арналған ОДП-6 оқ-дәрі жиек құрсаулары; темір-бетон панельдерде тесіктер тесуге арналған УК-6 соққы бағаны және т.б. жатады.

Көтеру-тасымалдау жұмыстарына арналған механизмдер

Ішінара орындалатын тиеу-түсіру және такелаж жұмыстары үшін стационарлы орнатылатын көтергіш және тасымалдағыш құралдарды: монорельстерді, электротельферлерді, крандарды, көтергіштерді және басқа да құралдарды қарастырған мақсатқа лайықты, бұл монтаждау және жөндеу кезінде әрқашан іске асырыла бермейді. Бұл жағдайларда жүктерді тік және көлбеу орын ауыстыру үшін жүкшығырларды (жүкшығырларды), тальдерді және домкраттарды қолданады.

Жүкшығырларды жетегінің түрі бойынша қол, электр және бірыңғайландырылған деп бөледі. Жүкшығырларды таңдап алған кезде олардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін максималды тарту күшін және арқанның ұзындығын ескеріп отырады. Жұмыс кезінде жүкшығырлар сенімді бекітілген болуға тиіс.

Тальдер конструкциясының қарапайымдығымен, жұмыстағы сенімділігімен және шағын габариттерімен ерекшеленеді, бұл оларды ең әр алуан жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Домкраттарды машиналар мен тораптарды көтеру, машиналардың негіздерін іргетастарға қатысты реттеу, сонымен қатар бөлшектерді кере отырып құрастыру үшін пайдаланады. Олар бұрандалы, тақтайшалы және гидравликалық болады. Бұрандалы домкраттардың артықшылығы – олардың өздігінен тежелуі және жүктердің биіктік бойынша қалпын үлкен дәлдікпен реттеу мүмкіндігі. Тақтайшалы домкраттарда төменгі табанның бар болуы жүктерді көтеруді тірек беттердің төмен орналасуымен жүргізуге мүмкіндік береді. Электр жабдығын монтаждау үшін қолданыдатын бұрандалы және тақтайшалы домкраттардың жүк көтергіштігі 2,5-10 т. құрайды. Гидравликалық домкраттардың жүк көтергіштігі 200 т дейін құрайды, сондықтан олар ауыр салмақты жабдықты – күш беретін трансформаторларды, синхронды машиналарды және т.б. көтеру және такелаждау үшін қолданылады.




Еңбек қорғау. Қауіпсіздік техникасы

Жалпы мәліметтер

Электр қондырғыларын монтаждау, ретке келтіру және пайдалану кезінде жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кәсіпорындардың және монтаждау ұйымдарының қуат-механика қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Электр қондырғыларында осындай жұмыстарды орындаған кезде еңбек қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ТПЕ және ҚТЕ-ге, еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің қолданылатын МемСТ-на, ҚНжЕ, электрмонтаж және ретке келтіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне, салалық қауіпсіздік ережелеріне, сонымен қатар басқа да арнайы нормативтік құжаттарға және нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

Электротехникалық персонал

Кәсіпорындарда қаншалықты сенімді және қауіпсіз электр жабдығы қолданылса да, оны пайдаланудың тиімділігі және қауіпсіздігі, сондай-ақ монтаждаудың сапасы түптеп келгенде монтаждауды, ретке келтіруді, сынауды, жөндеуді және оны белгіленген мақсатта пайдалануды жүргізетін персоналдың біліктілігімен анықталады. Бұл үшін барлық учаскелер және электр қондырғылары тиісті біліктілігі бар электртехникалық персоналмен толықтырылады. Орындалатын жұмыстардың түріне байланысты эксплуатациялық электротехникалықперсонал келесілерге бөлінеді:



әкімшілік-техникалық–электр қондырғыларын монтаждауды, ретке келтіруді, жөндеуді ұйымдастыратын және бұған, сонымен қатар оны пайдалануға тікелей қатысатын;

жедел–электр қондырғыларын жедел басқаруды және оларға қызмет көрсетуді (жедел қосулар, ажыратулар және қайта қосулар, қарап шығу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтіндерді жұмысқа жіберу мен қадағалау және т.б.);

жөндеу – электр жабдықтарын монтаждауды, жөндеуді, ретке келтіруді, жөнге салуды, сынауды орындайтын;

жедел-жөндеу–өзіне бекітілген эрында жедел жұмыстарды орындау үшін арнайы оқытылған жөндеуперсоналы;

электротехнологиялық–технологиялық қондырғыларды пайдалануды жүзеге асыратын. Бұл персонал әкімшілік тұрғысынан учаскелердің, цехтардың және жекелеген қондырғылардың басшылығына бағынады. Техникалық тұрғыдан оның қуат қызметіне бағынуы міндетті.

Электротехникалық персоналдың барлық тұлғалары денсаулық жағдайы бойынша белгілі бір талаптарға жауап беруге тиіс. Электротехникалықперсоналдың жасы 18 жастан кем болмауға тиіс.

Өз бетінше жұмыс істеуге тағайындалғанға дейін немесе басқа, электр қондырғыларына қызмет көрсетумен байланысты жұмысқа көшірілген кезде персонал кіріспе нұсқау беруден және бекітілген бағдарлама бойынша өндірістік оқудан өтеді.

Жұмыстарды өз бетінше жүргізуге жіберілетін электротехникалықперсоналдың қауіпсіздік техникасы бойынша алып отырған қызметіне сай біліктілік тобы болуға тиіс. Алып отырған қызметіне, жұмыс өтіліне (стажына), білімдер деңгейіне, білімдеріне және дағдыларына байланысты ҚТЕ және салалық ҚЕ қауіпсіздік техникасы бойынша бес біліктілік тобын белгілеген. Электротехникалықперсоналдың тұлғаларына топты олардың білімдерін тексергеннен кейін біліктілік комиссиясы белгілейді.

Алып отырған қызметіне және біліктілік тобына байланысты қызмет көрсетуші персоналға жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін тиісті жауапкершілік жүктеледі. ҚТЕ сәйкес, жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар болып: наряд беретін неемсе ауызша нұсқаулар беретін тұлға; жұмыстардың жауапты басшысы; жұмысқа рұқсат беруші; жұмыстарды жасаушы; бақылаушы; бригада мүшелері табылады.

Электр қондырғыларында жұмыс істеу білімдер мен дағдылар деңгейін үнемі арттырып отруды, сонымен қатар біліктілікті арттыруды талап етеді. Бұл үшін кәсіпорындарда: біліктілік арттыру бойынша курстық (топтық, жеке) оқытуды, 12.0.004-79 МемСТ және салалық ҚЕ сәйкес электротехникалық персоналға нұсқау беруді; апатқа қарсы жаттығулар жүргізуді; электр жабдығын пайдалану тәжірибесін қорыта талдау жөніндегі семинарлар және т.б. ұйымдастырады.

Электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Жұмыстарды орындаған кезде электрмонтаждау персоналы ЭОЕ, ТПЕ және ҚТЕ, салалық ҚЕ талаптарынан өзге сондай-ақ электр монтаждау жұмыстары кезіндегі Қауіпсіздік ережелерін басшылыққа алуға тиіс. Электрмонтаждау персоналынаэлектр қондырғыларын пайдалануға жататын кез келген жұмыстарды орындауға тыйым салынады.

Электр монтаждау жұмыстарын бірнеше ұйымдар жүргізген кезде бас мердігер субмердігер ұйымдармен бірлесе отырып, осыны орындау барлығына міндетті болатын, монтаждау аймақтарындағы қосарланған жұмыстардың кестесін жасайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында монтаждау жұмыстарының басшысы кәсіпорын әкімшілігімен бірлесе отырып, қауіпсіз жұмстарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жасап шығаруға міндетті. Мұндай қондырғыларда жұмыстар жүргізуге нарядқа пайдаланушы және монтаждау ұйымдарының өкілдері қолдарын қояды.

Барлық монтаждау жұмыстарын, әдетте, алынып тасталған кернеу кезінде орындайды. Ток жүргізетін бөлшектерден, оларға жақын жерде және олардан алыс жерлерде кернеуді алып тастаусыз жұмыстар тек пайдаланушы кәсіпорынннан бақылаушының қадағалауымен ғана жүргізілуі мүмкін. Монтаждау аймағы адамдардың құлауы және жарақат алуы болмайтындай етіп жабдықталуға тиіс. Монтаждау аймағындағы уақытша өткізгішті жұмыс орнының үстінде кемінде 2,5 м биіктікте, өтетін жерлердің үстінде3,5 м және жүріп өтетін жерлердің үстінде 6 м биіктікте сенімді асылатын оқшауланған сыммен орындайды.

Электр жабдығын монтаждаған және жөндеген кезде пайдаланылатын құрал-сайман жарамды күйде болуға тиіс. Егер құрал-сайманмен жұмыс істеген кезде жоңқа, шаң-тозаң немесе жарықшақтар пайда болса, онда көзәйнек пайдаланылуға тиіс.

Аса жоғары емес және аса жоғары қауіптілігі бар бөлмелерде 220 В кернеудегі электр құрал-сайманы, ал ерекше қауіпті бөлмелерде 42 В аспайтын кернеудегі электр құрал-сайманы пайдаланылады. Бөлмелерден тысқары жерде электр құрал-сайманмен жұмыстар тек құрғақ ауа райында орындала алады.

Құрал-сайманды пайдаланар алдында: оқаушлаудың сыртқы зақымдануларының және тал сымдардың сынықтарының болмауын; құрал-сайманның тораптарын және бөлшектерін бекітетін бұрандалардың тартылуын; ажыратқыштардың және жерге тұйықтаудың жарамдылығын тексереді. Оқшаулауды ай сайын өлшейді, ал аса жоғары кернеумен ыснауларды жыл сайын өткізеді.

Электр және пневмоқұралды пайдаланған кезде: сүйеп қойылған баспалдақтардан жұмыс істеуге; жөндеу жүргізуге және жұмыс бөлікті қолмен ұстауға; жұмыс кезінде кабельдер мен шлангтерді керуге және майыстыруға; құрал-сайманды онымен жұмыс істеуге құқығы жоқ тұлғаларға беруге тыйым салынады.

 

Негізгі әдебиет:1 [25-49]
 Бақылау сұрақтары:
1
 Көтеру-тасымалдау және такелаж жұмыстары үшін қандай машиналар және механизмдер қолданылады?
2 Электротехникалық персонал орындалатын жұмыстардың түрлері бойынша қалай бөлінеді?

3 Олардың біліктілік тобына байланысты электротехникалық персоналға қандай талаптар қойылады?

4 Электр қондырғыларында қандай жеке қорғаныс құралдары пайдаланылады және оларды қолдану тәртібі қандай?

5 Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай ұйымдық және техникалық шаралар орындалады?

 

 

 

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

Жалпы ережелер

1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жӛндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) II, III және ӛзге тобы бар жұмыскер - электр қауіпсіздігі бойынша II, III және ӛзге тобынан тӛмен емес жұмыскер; 2) бригада (наряд немесе нұсқау бойынша) - жұмыс атқарушыны немесе бақылаушыны қоса алғанда құрамында екі немесе одан кӛп адам бар бригада; 3) электр жеткізудің әуе желілері - ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыстарда (кӛпірлер, жол ӛтпелері және басқалары) тіреуіштеріне немесе кронштейндеріне және бағандарына оқшаулағыштар мен арматуралар арқылы бекітілген сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған құралдар; 4) бағытталған кернеу астындағы әуе желісі - жалпы ұзындығы 2 километрден кем болмайтын ӘЖ және барлық ұзындық бойымен немесе жеке бӛлімшелеріне ось қашықтықта 110 киловольт және одан жоғары кернеумен ӛтетін ӘЖ және ӘЖС, м: 110 киловольтты ӘЖ үшін........................... 100 220 киловольтты ӘЖ үшін........................... 150 500 киловольтты ӘЖ үшін ........................... 200 1150 киловольтты ӘЖ үшін ........................... 250 5) қайталама (кӛмекші) тізбек - электр станцияларының (қосалқы станцияларының) басқару құралдары мен құрылғыларын, автоматикасын, ӛлшемін, қорғанышы мен дабылын байланыстыратын электр сымдары мен қысқыштар қатарының жиынтығы; 6) алғашқы рет рұқсат беру - наряд немесе нұсқау бойынша жұмысқа алғаш рет рұқсат беру; 7) қайта рұқсат беру - наряд бойынша бұрын жұмыстар жүргізілген жұмыс орнына қайта рұқсат беру; 8) электр ӛрісіне әсер ететін аймақ - электр ӛрісінің кернеуі 5 киловольт/метрден асатын кеңістік; 9) экрандау аймағы - электр ӛрісті ғимараттар мен имараттарына, сонымен қатар жерге тұйықталған металл конструкцияларына, жабдықтардың іргетастарына, күш беретін трансформаторлар мен электр ӛрісінің кернеуі 5 киловольт/метрден аспайтын ірі аумақты объектілерге жақын орналасқан кеңістік; 10) коммутациялық аппарат - электр тізбектерінің коммутациясы мен тоқ жүргізуге (ажыратқыш, жүктеме ажыратқышы, бӛлгіш, айырғыш, автомат, ӛшіргіш, пакеттік ажыратқыш, сақтандырғыш және ӛзгелері) арналған электр аппараты; 11) жүк көтергіш машиналар - крандардың барлық түрі, кран-экскаваторлар (арқанға ілінген ілгекпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар), жүк көтергіш, жүк пен адамдарды көтеруге арналған жүкшығыр; 12) механизмдер - гидравликалық көтергіштер, телескоптық мұнаралар, экскаваторлар, тракторлар, автотиегіштер, бұрғылау-кран машиналары, механикалық жетекті жылжымалы баспалдақтар және өзгелері; 13) бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі - жұмыс процесінде адамның болуы қажет аймақпен айқындалатын адамның қатысуымен бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі; 14) рұқсаттама-наряд (наряд) - оның мазмұнын, орнын, басталу мен аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, қауіпсіз жұмыс жасауға жауапты бригаданың құрамы мен адамдарын айқындайтын жұмысты қауіпсіз орындауға арналған, арнайы бланкідегі нұсқау; 15) электр беретін әуе желілерін және байланыс әуе желілерін күзету аймағы - шеткі өткізгіштерден бастап желінің екі жағында бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын сызықтық жазықтықпен шектелген әуе желілерінің аймағы (бұдан әрі - ӘЖ) бойынша жер телімі және әуе кеңістіктер түрінде, м; кернеуі 1 киловольтқа дейін ӘЖ және БӘЖ үшін...........................2 1-20 киловольт болатын ӘЖ үшін...........................10 35 киловольт болатын ӘЖ үшін........................... 15 110 киловольт болатын ӘЖ үшін ........................... 20 220 киловольт болатын ӘЖ үшін ........................... 25 500 киловольт болатын ӘЖ үшін........................... 30 Шеткі өткізгіштерден басталатын екі желіні бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын тік жазықтықпен шектелген су қоймаларының үстінен әуе кеңістігі түрінде су қоймаларымен (өзендер, арналар, көлдер және тағы басқа) өтетін ӘЖ ауысуы бойының аймағы кемелер жүретін ұзындығы 100 метр су қоймалары үшін, кемелер жүрмейтін су қоймалары үшін бойлайтын күзет аймақтарын орнатуға ескертілген құрлықтан өтетін ӘЖ; 16) кәбілдік электр беру желілерін және кәбілдік байланыс желілерінің күзет аймағы - тік жазықтық пен шектелген, кәбілдік желінің (бұдан әрі - КЖ) жерастын бойлайтын жер телімі, КЖ арналған екі жағынан желі шеткі кәбілдің арасы 1 метр және 2 метр кәбілді байланыс желілері (бұдан әрі - КБЖ); 17) әкімшілік-техникалық персонал - жетекшілер, қызмет және бірлестіктер бөлімдерінің басшылары, кәсіпорындар, цехтар, зертханалар, аудандар және электр желілерінің бөлімшелері, айтылған адамдардың орынбасары және де әкімшілік функциялары жүктелген мамандар; 18) кезекші персонал - жедел басқаруға және жедел ауыстырып қосу мүмкіндігі бар және кезекшілікте болатын жұмыскерлер: диспетчерлер, кезекті инженерлер және техниктер, ауысым басшылары, үйдің және басқару тақтасындағы кезекшілер, жедел- шығу бригадаларының мүшелері. Егер Қағидалар мәтінінде бөліну талап етілмесе «кезекші» термині қолданыла береді; 19) жедел-жөндеу персоналы - бекітілген көлемдегі электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуге арналған, арнайы оқудан өткен және үйретуден өткен жөндеу персоналы; 20) жөндеу персоналы - электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр қондырғыларын, ӘЖ, КЖ, ӘЖС, КЖС, релелік қорғанысты, автоматиканы, өлшеу құралдарын, найзағайдан қорғау мен оқшаулағышты, диспетчерлік мен технологиялық басқару құралдарын пайдалану-жөндеу қызмет көрсетумен айналысатын кәсіби мамандар және жұмысшылар, электр зертханалардың персоналы; 21) жұмыс орнын дайындау - жұмыс орнындағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шараларды орындау; 22) кәсіпорын - кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да заңды адамдар; 23) біріктіру - бір мақсаттағы, атауы және кернеуі, тарату құрылғыларының (бұдан әрі - ТҚ), генераторының, тақтасының, құрастыру шиналарына біріккен және электр станциясының, қосалқы станциялардың және басқа да аймағында орналасқан электр тізбегі (жабдық және шиналар); 24) кернеумен жұмыс - тоқ өткізетін бөліктерге жанасумен, жұмыстық кернеуде орналасқан немесе аралығында тоқ өткізетін төмен мүмкіндікті бөліктерімен атқарылатын жұмыс; 25) биіктікте атқарылатын жұмыстар - жинақтау керек-жарақтарымен немесе тікелей конструкциялар элементтермен, жабдықпен, машиналар және механизмдермен, биіктігі 5 метрде және топырақтың, жабындардан немесе жұмыс төсенішінен жоғарыда атқарылатын жұмыстар. Бұл ретте жұмысшыны жұмыстың барлық сәттерінде және орын ауыстыру кезінде биіктіктен құлаудан сақтаудың негізгі құралы сақтандыру белдігі болып табылады; 26) жұмыс орны - жұмысты орындау үшін персоналдың кіруіне рұқсат етілетін электр қондырғы учаскісі; 27) нұсқау - жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін берілген ауызша тапсырма және ол жұмыстың құрамын, орнын, қауіпсіздік шараларын (егер қажет болса) және оны орындау тапсырылған тұлғаны анықтайды. 28) тоқ өткізетін бөлігі - кернеуі бар электр қондырғының бөлігі; 29) тоқ өткізбейтін бөлігі - апаттық жұмыс тәртіптерінде кернеу өрісінде болатын электр қондырғының бөлігі, мысалы, электр машина корпусы; 30) электр қондырғы - электр энергиясы шығарылатын, өндірілетін, жеткізілетін, таратылатын, тұтынылатын қондырғы; 31) жергілікті кезекші персоналсыз электр қондырғысы - ӘЖ және КЖ, жедел-шығу бригадалары немесе жедел-жөндеу жұмыстарының персоналы арқылы қызмет көрсетілетін электр қондырғысы; 32) жұмыс істеп тұрған электр қондырғы - коммутациялық аппаратқа берілетін кернеу немесе кернеулі электр қондырғысы немесе оның учаскісі; 33) қарапайым және көрнекті схемасы бар электр қондырғысы - 1000 вольт кернеуден жоғары ТҚ жеке секцияланған немесе секцияланбаған жүйе шиналары, салқын жүйесі жоқ шиналар, барлық ӘЖ және КЖ, 1000 вольтқа дейін жететін барлық электр қондырғылары; 34) күрделі схемасы бар электр қондырғысы - кернеуі 1000 вольттан жоғары, қарапайым схемасы бар электр қондырғыларына қарағанда, шина жүйесі дамыған ТҚ. 4. Қызметі электр қондырғылармен байланысты жұмыскерлердің осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тобы болуы қажет. Электр қауіпсіздігі бойынша топты беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында көрсетілген. 5. «Арнайы жұмыстар» қауіпсіздігі бойынша қосымша талап қойылатын жұмыстарды орындауға жіберілетін адамдардың біліктілік куәлігінде жазу болуы тиіс. Арнайы жұмыстарға мыналар жатады: 1) жоғары өрмелейтін жұмыстар; 2) тоқ жүретін бөліктердегі кернеуі бар жұмыстар: тазалау, оқшаулағыштарды ауыстыру, жуу және қыспақтарды жалғау, тростарды майлау; 3) құдықтарда, шурфтарда, қазылған жерлерде және тереңдігі 2 метрден асатын қазан шұңқырлардағы жұмыстар; 4) қысым қатысында жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу: жоғарылатылған кернеу жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау. 6. Электр станцияларының және қосалқы станциялардың жұмыс істеп тұрған электр жабдықтары бар (басқару, релейлік және соған ұқсас қалқандарды қоспағанда) үй жайларда, жабық тарату қондырғыларында (бұдан әрі - ЖТҚ) және ашық тарату қондырғыларында (бұдан әрі - АТҚ), құдықтарда, туннельдерде және орларда болатын, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге қатысатын барлық персоналға қорғаныс каскаларын пайдалану қажет. 7. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы кезекші жұмыскерлер немесе электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін жедел-жөндеу персоналына және ауысым бойынша аға жұмыскер IV топты, қалғандары ІІІ топты иеленуі тиіс. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы кезекші жұмыскерлер немесе электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін жедел-жөндеу персоналы III тобын иеленуі қажет. 8. Электр қондырғыларында кернеулі қоршалмаған тоқ жүретін бөлшектерге адамдардың, жүк көтергіш машиналарының, механизмдердің осы Қағидалардың 4- қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аз ара қашықтықтан жақындауына тыйым салынады. 9. Электр станциялары мен қосалқы станцияларындағы электр қондырғыларын кезекшіліктен немесе жедел-жөндеу персоналы кезекшілікте тұрған III топтағы бір адам ғана немесе әкімшілік-техникалық персоналына V топтағы жұмыскер де қарауды жүргізе алады. 10. Осы электр қондырғыларға қызмет көрсетпейтін жұмыскерлерді тек 1000 Вольттан жоғары электр қондырғыларындағы IV топтағы немесе 1000 Вольттағы кернеуліктегі электр қондырғыларындағы III тобы бар кезекші мен жедел-жөндеу персоналының не жеке өзінің тексеруге құқығы бар жұмыскердің бірге жүруімен ғана жіберуге болады. Бірге ілесіп жүруші электр қондырғыларына жіберілген адамдардың қауіпсіздігін қадағалап отыруы қажет және Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аз қашықтықтағы тоқ жүретін бөліктерге оларды жақын келмеуі туралы ескертуге міндетті. 11. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын тексеру барысында қоршаумен немесе тосқауылмен жабдықталмаған бөлмелердегі тоқ өтетін бөлшектерге осы Қағидалардың 4- қосымшасының 1-кестесінде көрсетілгеннен аз ара қашықтықта жақындауға тыйым салынады. Қоршалған жердің есігін ашуға және тосқауылдан немесе қоршаудан асуға тыйым салынады. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларын тексеру барысында қалқандардың, басқару пульттерінің және басқа да қондырғылардың есіктерін ашуға болады. Тексеру барысында кез келген жұмыс түрлерін орындауға тыйым салынады. 12. 6-35 кВ электр қондырғыларында жерге тұйықталу барысында жерге тұйықталған 4 метр ара қашықтықта жақындау, ал ЖТҚ 8 метр ӘЖ жақындау тұйықталуды жою немесе кернеуге түскен адамды босату мақсатында жедел қосып-алуға ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте электр қорғау құралдарын қолдану керек. 13. 1000 В-тан жоғары ажыратқыштарды, бөлгіштерді қол жетекпен қосып-алу жұмыстарын диэлектрикалық қолғаптар киіп орындау керек. 14. Сақтандырғышты алу немесе қайта орнату жұмыстары тек кернеуді ажыратқаннан кейін ғана орындалады. Кернеуде, бірақ жүктемесіз жалғауларда тұрған сақтандырғышты алуға немесе орнатуға, егер схемада кернеуді алып тастауға мүмкіндік беретін коммутациялық аппараттар жоқ болғанда жол беріледі. Екінші тізбектерінің, жарықтандыру желілерінің және кернеу трансформаторларының сақтандырғышын жүктемемен ауыстыруға болады. 15. Кернеудегі сақтандырғышты орнату мен алу барысында мыналарды: 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында диэлектрикалық қолғап киіп оқшаламалаушы қармауышты және қорғау көзілдіріктерін; 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында оқшаламалаушы қармауыш, қорғау көзілдіріктерін және диэлектрикалық қолғаптарды пайдалану қажет. 16. Коммутациялық аппарат жоқ болғанда, 1000 В-қа дейінгі жинақтар мен қалқандарда тік орналасқан фаздарға жалғанған сақтандырғыштарды жүктемеде алуға және орнатуға болады. Бұл жағдайларды көз қорғау құралдарының орнына, бетті қорғайтын құралдар пайдаланылады. 17. Электр қондырғылардың, камералардың, қалқандар мен жинақтардың, есіктерін жұмыс жүргізіліп жатқан камералардың есіктерінен басқа, құлыппен жабу керек. Қосалқы станциялардағы, қайта тұйықтау пункттеріндегі және басқа құрылғылардағы қоршауы, ағытқыш жетектері жоқ мачталық трансформаторлық қосалқы станциялар трансформаторлары, сондай-ақ қызмет көрсету алаңдарында стационарлық баспалдақтар құлыппен жабылуы тиіс. 18. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларының (ЖРҚ, КТҚ, АТҚ камералары мен бөлмелері), сонымен қатар 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларынан тыс орналасқан 1000 В-қа дейінгі жинақтар мен тарату қалқандарының кілттері кезекші персоналдың есебінде болуы керек. Жергілікті кезекшісі жоқ электр қондырғыларында кілт әкімшілік- техникалық персоналда болуы керек. Кілттер бекітілетін жәшікте сақталады. Кілттің бір жинағы қосалқы болады. Кілт мыналарға: 1) барлық үй-жайлардан жеке тексеруге құқы бар жұмыскерге; 2) рұқсат беру кезінде жұмыс жедел-жөндеу персоналдарынан жіберілген тұлғаға, басшыға және жұмыс істеу қажет үй-жайдан қадағалайтын жұмысты өндірушіге қолхатпен беріледі. 19. Тексеру немесе жұмыс аяқталғаннан кейін кілт қайта қайтарылуы қажет. Жергілікті кезекшілік персоналынсыз электр қондырғыларында жұмыс істеу барысында келесі жұмыс күнінің аяғында тексеру немесе толық жұмыс уақыты аяқталғаннан кешіктірмей кілттер қайтарылуы тиіс. Электр желілер кәсіпорындарындағы ТҚ жедел қайта тұйықтауға құқығы бар персоналға, сондай-ақ жедел-жөндеу мен өзі тексеруге құқы бар әкімшілік-техникалық персоналға кілтті ұзақ мерзімге беру қажеттігін кәсіпорынның техникалық жетекшісі айқындайды. Кілттерді беру мен қайта алу еркін нысанда немесе жедел журналда жазылуы қажет. 20. Жазатайым жағдайлар барысында зардап шегушіні электр тоғының әрекетінен босату үшін алдын-ала келісусіз кернеуді дереу алады.


Конечно, для полного рассмотрения вопроса 'Г) 10-тен 25 мА дейін 7 страница', приведенной информации не достаточно, однако чтобы понять основы, её должно хватить. Если вы изучаете эту тему, с целью выполнения задания заданного преподавателем, вы можете обратится за консультацией в нашу компанию. В нашей команде работает большой состав специалистов, которые разбираются в изучаемом вами вопросе на экспертном уровне.

Хм, так же просматривали

Заказ

ФОРМА ЗАКАЗА

Бесплатная консультация

Наша компания занимается написанием студенческих работ. Мы выполняем: дипломные, курсовые, контрольные, задачи, рефераты, диссертации, отчеты по практике, решаем тесты и задачи, и многие другие виды заданий. Чтобы узнать стоимость, а так же условия выполнения работы заполните заявку на этой странице. Как только менеджер увидит ваше сообщение, он сразу же свяжется с вами.

Этапность

СОПРОВОЖДЕНИЕ КЛИЕНТА

Получить работу можно всего за 4 шага

01
Оставляете запрос

Оформляете заказ работы, заполняя форму на сайте.

02
Узнаете стоимость

Менеджер оценивает сложность. Узнаете точную цену.

03
Работа пишется

Оплачиваете и автор приступает к выполнению задания.

04
Забираете заказ

Получаете работу в электронном виде на вашу почту.

Услуги

НАШ СЕРВИС

Что мы еще делаем?

icon
Контрольные работы

от 580 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Семестровые работы

от 1480 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Исследовательские работы

от 2800 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Сочинения

от 280 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Решение задач

от 180 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Написание текста

от 80 рублей

ПОДРОБНЕЕ