ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 7 страница


При самостоятельном желании понять тему " ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 7 страница " вам поможет наш ресурс. Для вас наши специалисты подготовили материал, изучив который вы будете разбираться в ней уровне профессионала. А если у вас останутся вопросы, то задать их вы сможете прямо на сайте написав в чат онлайн-консультанта.

оформить заявку

Слишком сложно? Тогда запросите консультацию специалиста!

Наша компания занимается тем, что помогает студентам выполнять различные учебные работы на заказ. Вы можете ознакомиться с перечнем выполняемых работ, а так же с их стоимостью на странице с ценами.

ознакомиться с условиями

Краткое пояснение: ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 7 страница

   

2.10.2.2. АҚАУ КІРЕУКЕДЕ ОРНАЛАСҚАН КЕЗДЕГІ ДЕКІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ (К02.0) (БЕТКЕЙ ТІСЖЕГІСІ)

Тексеру мәліметтері Анықталған симптомдар Патогенездік негіздеу
Шағымы Кейбір жағдайда науқастар шағымданбайды. Көбіне –көп науқастар химиялық, тәтіден, аздап қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауру сезіміне және тістің қатты тіндеріндегі ақауға шағымданады. Кіреуке минералсыздануы оның өткізгіштігін жоғарлатады. Соның нәтижесінде зақымдану ошағынан химиялық заттар кіреуке дентин байламына түсіп, осы аймақтың иондық тепе-теңдігін өзгертеді.Ауру сезімі дентин түтікшелеріндегі және одонтобластар цитоплазмасындағы гидродинамикалық жағдайдың өзгеру нәтижесінде пайда болады.
Қарап тексеру Өте терең емес кіреукеде орналасқан тісжегі қуысы анықталады. Табаны және қабырғалары көбіне пигменттелген. Шеттерінде бортүстес немесе пигменттелген дақты тісжегі тән аймақ болуы мүмкін. Кіреукеде ақау тісжегі туындатушы фактордың әсерінен қышқылдардың кіреукеге ұзақәсер етіуі жағдайдында пайда болады.
Орналасуы Тісжегіге тән орналасады: табиғи сызаттар, жанасу беттері, мойын бөлігін. Тіс қақтарының көп жиналатын және осы аймақтарда ауыз гигиенасының күтімі нашар болу салдарынан
Сүңгілеп тексеру-Зондирование Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексеру және қазу қатты, бірақ тез басылатын ауру сезімін туындатады. Сүңгілеп тексергенде ақау беті тегіс емес. Қуыст ың табанының кіреуке дентин байламына жақын орналасуы кезінде сүңгілеп тексеру одонтобласт өсінділерін тітіркендіруі мүмкін.
Термодиаг- ностика Жылыға тіс жауап қайтармайды. Суыққа қысқа мерзімді тез басылатын ауру сезімі пайда болады. Кіреукенің жоғары дәрежеде минералсыздануы салқындатушы агенттіңенуі одонтобласт өсінділерінде реакция туындатуы мүмкін.
ТҰЭҚ-ЭОД Электр тогына реакция 2–6 мкА, сау тістің электр тогын өткізгіштігіне сәйкес келеді.  

 




2.10.2.3. ДЕНТИН ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНСІ(К02.1) (ОРТА ТІСЖЕГІСІ)

 

Тексеру мәліметтері Симптомдар Патогенездік негіздеу
Шағымы Көбіне науқастар шағымданбайды немесе тістің қатты тіндерінің ақауына шағымданады; Дентин тісжегісі кезінде —темперауралық және химиялық тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауру сезімі Кіреуке дентин шекарасының ең сезімтал белдеуі бұзылған, дентин түтікшелер жұмсарған дентин қабатымен жабылған, ал ұлпа тісжегі қуысынан тығыз дентинмен бөлінген. Орынбасушы дентин маңызды роль атқарады.
Қарап тексеру Орта тереңдіктегі кіреукені толық алып жатқан, жартылай кіреке-дентин шекарасына дейін орналасқан қуыс анықталады. Тісжегітуындатушы фактордың сақталуы кезінде және тістің қатты тіндерінің минералсыздануның ары қарй жалғасуында тісте қуыс пайда болады. Қуыс кіреуке қабатын толық зақымдайды, кіреуке-дентин шекарасын және дентинді жартылай қамтиды.
Орналасуы Орналасуы тісжегіге тән: — табиғи сызаттар, жанасу беттері, тістің мойын бөлігі Тіс қақтарының жиналуына және қызметіне қолайлы жағдай
Сүңгілеп тексеру-Зондирование Қуыстың табанын сүңгілеу кезінде аздап ауырады немесе ауырмайды.Кіреуке –дентин шекарасын сүңгілеп тексергенде ауырады.Жұмсарған дентин қабаты анықталады. Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспаған. Қуыстың табанында ауру сезімінің болмауы дентиннің минералсыздануы одонтобласт өзсінділерін бұзылысқа ұшыратады.
Қағып тексеру-Перкуссия ауырмайды Үрдіс ұлпа және периодонт тінін қамтымаған.
Термодиагностика Кейде температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімі болады.  
ТҰЭҚ-ЭОД 2–6 мкА. Ұлпада қабыну үдісі жоқ.  
Рентгенодиагностика Тіс аймақатында кіреукеде және дентинде жартылай ақау бар. Тістің қатты тіндеріндегі минералсыздану ошағы рентген сәулесіназ мөлшерде ұстап қалады.
Қуысты егеп тазалау Егеп тазалау кезінде табанында және қабырғаларында сезімі болады.  

 



2.10.2.4. ҰЛПАНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚАБЫНУЫНЫҢКЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ (ҰЛПАНЫҢ ҚЫЗАРУЫ) (К04.00) (ТЕРЕҢ ТІСЖЕГІ)

 

Тексеру мәліметтері Анықталған симптомдар Патогенездік негіздеу
Шағымы Температуралық тітіркендіргіштерден, аз көлемде механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден, тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін тез басылатын ауру сезімі Ұлпадағы айқын көрсетілген ауру сезімі тіс ұлпасын тісжегі қуысынан бөліп тұрған дентин қабаты өте жұқа, жартылай минералсыздануға ұшырағандықтан әртүрлі тітіркендіргіштердің әсеріне сезімтал.
Қарап тексеру Жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы Қуыстың тереңдеуі ұзаққа созылған минералсыздану және біруақытта дентиннің органикалық компоненттерінің дезинтеграциялануы нәтижесінде болады.
Орналасуы Тісжегі қуыстарының орнласуына тән  
Сүңгілеп тексеру-Зондирование Жұмсарған дентин анықталады. Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспайды. Қуыстың табаны тығыз, сүңгілеп тексергенде ауырады.  
Термодиагностика Температуралық тітіркендіргіштерден, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылатын қатты ауру сезімі  
ТҰЭҚ-ЭОД Тіс ұлпасының электр қозғыштығы қалыпты жағдайда, кейде 10–12 мкА-ге дейін төмендейді.  

 

2.10.3.ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАЫ

2.10.3.1. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ АҚ ДАҚ КЕЗЕҢІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (БОР ТҮСТЕС,БАТАПҚЫ ТІСЖЕГІ) (К02.0)

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері. Айырмашылық көріністері
Кіреуке гипоплазиясы (теңбіл түрі) Ағымы симптомсыз. Кіреуке бетінде әртүрлі көлемдегі беті жылтыр,тегіс бортүстес дақ анықталады. Негізінен көбіне тұрақты тістер ғана зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. (тістердің дөңестеу беттерінде, төмпешіктерінде). Тістердің жүйелі зақымдануы және тістердің шығу мерзіміне , минералдануына сәйкес симметриялы орналасуы тән. Дақ шекаралары тісжегіге қарағанда анық. Дақ бояғыштармен боялмайды.
Флюороз (жолақты және теңбіл түрі) Кіреуке бетінде беті тегіс, жылтыр бор түстес дақтар анықталады. Тұрақты тістер зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. Дақтар симмертиялы орналасады және өте көп. Дақ бояғыштармен боялмайды.

 

 

2.10.3.2. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (К02.0) (БЕТКЕЙ ТІСЖЕГІСІ)

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері. Айырмашылық көріністері
Кіреуке гипоплазиясы Кіреуке ақауы Тұрақты тістер зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. (тістердің дөңестеу беттерінде, төмпешіктерінде). Тістердің жүйелі зақымдануы және тістердің шығу мерзіміне , минералдануына сәйкес симметриялы орналасуы тән. Ақау аймағындағы кіреуке беті тегіс, тығыз. Сүңгілегенде ауырмайды. Ақау көлемі тұрақты.
Флюороз (бортүстес-нүктелі-эрозиялы түрі) Тіс бетінде кіреуке деңгейінде ақау анықталады. Ақаулардың орналасуы тісжегіге тән емес. Кіреуке аймағының деструкциясы ретсіз орналасқан.
Сына тәрізді ақау Тістердің қатты тіндерінің кіреукесінің ақауы. Кейде механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Зақымдануға өзіндік үйлесімді пішін тән. (сына тәрізді). Ақау тістердің вестибулярлы бетінде сауыт және түбір шекарасында орналасады. Ақаудың беті жылтыр, тегіс, бояғанда боялмайды.
Кіреуке, дентин эрозиясы Тістің қатты тіндерінің ақауы. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Тістердің сауыт бөліктерінің вестибулярлы бетіндегі кіреуке және дентиннің қарқынды ақаулары. Үстіңгі жақтың күрек тістері, және екі жақтың сүйір және кіші азу тістері зақымданады. Астыңғы жақтың күрек тістері зақымданбайды. Терңдігіне қарай пішіні аздап иілген.

 

2.10.3.3. ДЕНТИН ТІСЖЕГІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (К02.1) (ОРТА ТІСЖЕГІСІ)

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері. Айырмашылық көріністері
Дақты кезеңдегі кіреуке тісжегісі Үрдістің орналасуы. Ағымы симптомсыз. Кіреуке бетінде аздап түсі өзгерген. Қуыстың болмауы. Көбіне тітіркендіргіштерге реакция болмайды.
Дақты кезеңдегі беткі қабатының бүтіндігінің бұзылуымен жүретін кіреуке тісжегісі Үрдістің орналасуы. Ағымы симптомсыз. Қуыс болады. Қабырғалары және табаны пигменттелген. Химиялық тітіркендіргіштерге аздап аурусезімі болады. Суыққа тіс жауап қайтармайды. ТҰЭҚ — 2–6 мкА Қуыс кіреуке деңгейінде орналасқан. Сүңгілеп тексергенде қуыс табанында айқын көрінетін ауру сезімі болады.
Бастапқы ұлпа қабынуы (ұлпаның қызаруы) Тісжегі қуысының болуы және онық орналасуы. Температуралық, механиалық, химиялық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Сүңгілегенде ауырады. Ауру сезімі тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін басылады. Сүңілеп тексергенде табанында көбіне ауру сезімі бар.
Сына тәрізді ақау Тістердің қатты тіндерінің кіреукесінің ақауы. Кейде механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Зақымдануға өзіндік үйлесімді пішін тән. (сына тәрізді). Ақау тістердің вестибулярлы бетінде сауыт және түбір шекарасында орналасады. Ақаудың беті жылтыр, тегіс, бояғанда боялмайды.
Периодонттың созылмалы қабынуы Тісжегі қуысы Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Қуысты сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тітіркендіргіштерге реакция болмайды. ТҰЭҚ- 100 мкА жоғары. Рентген суретте периодонттың созылмалы қабынуының бір түріне сәйкес өзгерістер анықталады. Қуысты егеп тазалағанда ауырмайды.

 

2.10.3.4. ҰЛПА ҚАБЫНУЫНЫҢ БАСТАЛУЫНЫҢ САЛЫСТЫРАМЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ(ҰЛПАНЫҢ ҚЫЗАРУЫ) (К04.00) (ТЕРЕҢ ТІСЖЕГІ)

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері. Айырмашылық көріністері
Дентин тісжегіс Тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Қуыс өте терең, кіреукенің салбыраған шеттері жақсы анық көрінеді. Ауру сезімі тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін басылады.ТҰЭҚ 10-12мкА дейін төмендеген.
Ұлпаның жедел қабынуы Тіс қуысымен байланспайтын терең тісжегі қуысы бар. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады.Тіс табанының барлық аймағында сүңгілегенде ауру сезімі анықталады. Барлық тітіркендіргіштерден пайда болатын ауру сезімі, тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін біраз уақытқа дейін созылады, ұстама тәрізді, себепсіз басталатын ауру сезімі.Ауру сезімінің үшкіл нерв тармақтары бойымен таралуы мүмкін. Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенді табан бөлімінің бір аймағында ауру сезімі болады.

 

2.10.4. ЦЕМЕНТ ТІСЖЕГІСІ (К02.2)

Тісжегімен тіс саутымен қатар тіс түбірі де зақымданады. Түбір тісжегісі негізінен 35-45 тен үлкен жас арасындағы адамдарда кездеседі. Түбірдің зақымдануы кезінде цемент тісжегісі дамиды. (К02.2), түбірдің дентині тісжегісі (К02.1), ал кейбір жағдайларда тоқталған тісжегі болуы мүмкін. (К02.3). Түбір тісжегісінің дамуына міндетті түрде– қызылиек рецессияы болуы нәтижесінде туындайтын түбірдің бір бөлігінң жалаңаштануы керек.

Ауыз қуысының нашар гигиенасының мағанасы цемент тісжегісінің дамуында үлкен орын алады. Пародонт аурулары, ас құрамындағы көмірсулардың көп болуы және жас мөлшері цемент тісжегісінің дамуында өте маңызды.

Цемент тісжегісінің тікелей себептері тіс қағында тісжегітуындатушы микроорганизмдердің қызметінің ферменттенуі нәтижесінде жиналған органикалық қышқылдар және нашар ауыз қуысының гигиенасы болып табылады. Тіс қағындағы рН критикалық мөлшерден төмен болу мағанасы цементің және түбір дентинінің минералсыздануына алып келеді.

Қарап тексергенде зақымдану ошағындағы цемент тісжегісі үлкен емес көлемдегі кәдімгі сары түстес даққа ұқсас келеді. Цементтің қалыңдығы өте үлкен емес, сондықтан оның беттері шайнау үрдіс кезінде немесе гигиеналық процедадан тез қажалады да түбір аймақтары жалаңаштанады.

Осының нәтижесінде цемент тісжегісі тез түбір дентиніне таралады. Түбір дентинінің тісжегімен зақымдануы цементтегі сияқты алғашында минералсыздану нәтижесінде түсі өзгереді. Түбір тісжегісінің ағымы созылмалы. Зақымдану ошағы көп дәрежеде түбір бетіне қарай тарайды, ал аз дәрежеде тереңденеді.Негізінен ағымы симптомсыз жүреді. Науқастарды көбіне косметикалық аспектісі мазалайды. Түбір цементінің тісжегісі мен түбір дентинінің тісжегісін тіс сауытының мойын бөлігінде орналасқан тісжегімен, сына тәрізді ақаумен, кіреуке эрозиясымен салыстырады.

Цемент тісжегісі мен түбір дентинінің тісжегісін алғашқы кезеңінде емдеу рациональды гигиеналық процедура, қайта минералдау шараларын жүргізу болып табылады. Консервативті емнің нәтижесінде, ауыз қуысы гигиенасының сапалы жағдайы кезінде зақымданған аймақ қоңыр түстес болып біртіндеп пигменттеледі.Зақымданған тін тығыздалады және жылтыр болады. Тісжегі қуысын тек пломбылау керек. Пломбылау нәтижесі көбіне науқастың ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтауынан болады.Тамақ құрамында көмірсулы диетаның аз болуына мән беру керек.Тісжегі қуыстарын Блек жүйесінің V классы бойынша егеп тазалап пломбылау керек. Материалдардан күміс амальгамасын, иономерлі цементтерді және композиттік материалдарды қолдануға болады.

2.10.5. ТІСТЕРДЕГІ ТОҚТАЛҒАН ТІСЖЕГІ (К02.3)

Қазіргі кезде тісжегінің белсенді ағымды минералсыздану үрдісімен қатар кіреукеде қайта минералдану жүретіні дәлелденген. Кейбір жағдайларда және кіреукедегі минералсыздану үрдісіне байланысты тісжегі үрдісі тоқатауы мүмкін. Қайта минералдану үрдісі үшін кіреукенің органикалық матриксінің бүтіндігі міндетті шарт болып табылады. Науқастың анамнезінен кіреукедегі түсі өзгерген ошақтың ұзақ уақыт тұрғанын анықтауға болады.Бірнеше тістердің зақымдануы кезінде ақаудың сипаттамасы бірдей. Қарап тексеру кезінде кіреуке бетіндегі дақ аймағында кедір бұдырлық анықталады, бірақ беткі қабаттың бүтіндігі бұзылмаған.

Тісжегі дағының түс реңкісінің әралуан болуын жылдамдамыған минералсыздануға жатқызуға болады. Ақшыл-қызыл түсті дақтар кіреукенің интермитациялық минералсыздануына тән болса, ал қара –қоңыр және қара түсті тісжегі дақтары минералсыздану үрдісінің тоқтағаны жайында мәлімет береді. Бір дақ аймағындағы пигменттелген әралуан реңкінің ақ түстес минералсызданған аймақтармен қосарлана кездесуі байқалады.Бұл тісжегі дағының әр белбеуіндегі минералсыздану және қайта минералдау үрдісінің біркелкі болмауына тікелей байланысты. Тісжегі, тісжегі дағының барлық даму сатысында тоқатуы мүмкін, бірақ минералсыздану үрдісінің тұрақтануы және тоқтауы ақ түстес тісжегі дағының пмгменттелген түстес даққа ауысуында ғана болуы мүмкін. Ақ және ашық-қоңыр түс кезіндегі патологиялық үрдіске негізінен интермитациялаушы сипат тән.

Пигментті субстраттың пайда болуы – минералсыздану және қайта минералдану сияқты екі қарама-қарсы үрдістің қарқындылығына және патологиялық үрдістің тұрақтануы мен дезинтеграциялануының көрінісі ретінде қоңыр немесе қара түстес дақтардың пайда болуымен суреттеледі.

Кіреукеге қышқылдың әсер етуі кіреукеде тісжегі ақауының пайда болуының себебі болып табылмайды. Сілекейдің буферлік қасиетіне байланысты кіреукедегі минералсызданған ошағы жартылай қайта минералданады. Минералсыздану және қайта минералдану үрдістері тек қана жергілікті факторларға ғана байланысты емес, олар медико-әлеуметтік факторлар мен организмнің жалпы жағдайымен тығыз байланыста. Олар көмірсулары, тіс қақтары, ауыз қуысының гигиена деңгейі, ауыз суындағы фтордың мөлшері, жас, аурулар мен өмір сүру салты болып табылады.

Организмнің жалпы жағдайы тісжегінің дамуына сілекейдің бөліну жылдамдығы, көлемі және буферлік қасиеті арқылы тікелей әсер етеді.

Тоқталған тісжегінің дамуында маңызды мағана болып сыртқы, ионды селективті жарғақ қасиетіне ие, бетасты ошағында минералсыздану мен қайта минералдануды дамытатын кіреуке қабатының бүтін бетінің сақталуы маңызды орын алады. Тісжегінің ақ дақты кезінде тісжегі туындатушы жағдайды жойған кезде кері даму немесе минералсызданудың тоқтауы ауыз сұйықтығының қайта минералдаушы қасиетіне немесе қайта минералдаушы препараттарды қолдану нәтижесінде дамиды.

Тісжегінің тұрақтанған сатысы болып табылатын тісжегінің пигменттелген дақты кезеңінде қайта минералдау терапиясы нәтиже бермейді. Дәрігер стоматологтың пигментелген дақ кезіндегі тактикасы төмендегідей: егер тісжегі дақтарының көлемі үлкен болмаса немесе гигиеналық процедура жүргізуге қолайлы орналасса, онда тек динамикалық бақылау жүргізіп отырады, ал басқа жағдайларда, әсіресе жанасу бетінде орналасқан кезде түсі өзгерген тіндері егеп алып тастау және пломбылауы қажет.

1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

30 жастағы пациент профилактикалық тексерілу мақсатына келіп қаралған.Қарап тексергенде қызыл иегі қызарған, ісінген, сүңгілегенде қанайды. Тістері жұмсақ қақпен жабылған.Жұмсақ қақтары алып тастағаннан кейін 13, 33, 32, 31, 41, 42 тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде кіреукенің табиғи жылтырлығы жоғалғаны және ақ бортүстес дақтар анықталды.Жоғарыда аталған тістердің кіреуке түстерінің бұрын өзгергені байқалмаған.

1. Осы патология қандай зақымдануға жатады?

2. Диагноз қойыңыз.

3. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады?

4. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

5.Осы ауруғу емдеу жоспарын құрыңыз.

2 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Пациент профилактикалық тексерілу мақсатына келіп қаралған. Қарап тексергенде қызыл иек ақшыл қызыл түстес, ылғалды. 35, 36, 47тістердің шайнау беттеріндегі табиғи сызаттар пигменттелген. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды, зонд сызаттарда тіреліп қалады.

1. Тексеру жоспарын құрыңыз..

2. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

3. Диагноз қойыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ.

1.Тісжегінің зақымдануын бағалау критериін:

1) ауыз қуысыны;ң гигиеналық сынамасына;

2) БЖА- ПМА сынамасына;

3) пародонт тінінің қанағыштық сынамасына;

4) тістер тісжегісінің қарқындылығына;

5) сілекейдің бөліну жылдамдығына.

2.Кіреуке өткізгіштігі келесі аурулар кезінде ұлғайады:

1) флюорозда;

2) кіреуке эрозиясында;

3) тісжегінің ақ түстес тісжегі дағы сатысында;

4) дентин тісжегісінде;

5) пародонттың жайыла қабынуының орташа дәрежесінде

3.Стефан қисықтығы қамтиды:

1) тісжегі кезінде сілекейдің тұтқырлығының динамикасының өзгеруін;

2) тісжегі кезінде сілекейдің бөліну жылдамдығының өзгеруін;

3) ауыз қуысының гигиеналық жағдайын;

4) тіс қағының рН динамикасының көмірсулар әсерінен өзгеруін;

5) Тістер тісжегісі кезінде кіреукенің өткізгіштік дәрежесін.

4.Тістің қатты тіндерін бояуды жүргізеді:

1) тісжегінің ақ дақты кезіндегі тісжегіні анықтау мақсатында;

2) тісжегінің ақ дақты кезіндегі тісжегіні емдеу үшін;

3) дентин тісжегісіндиагносткалау үшін;

4) ауыз қуысының гигиенасын анықтау үшін;

5) периодонттың созылмалы қабынуын диагностикалау үшін.

5. Дентин тісжегісіне келесі шағымдар тән:

1) түнгі ауру сезімі;

2) ұстама тәрізді ауру сезімі;

3) химиялық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімі;

4) тұрақты сыздап ауыратын ауру сезімі;

5) ас қабылдағанда ауырады..

6.МКБ-С-3 жүйесі тісжегінің келесі түрлерін бөледі:

1) орта;

2) терең;

3) кіреуке тісжегісі;

4) беткей;

5) жылдамдамыған тісжегі.

7.Тісжегі дақтарының түстері сипатталады:

1) тісжегінің ағымының ұзақтығы;

2) тісжегіні;ң дәрежесінің белсенділігі;

3) тістің қатты тіндерінің тереңдік зақымдануын;

4) дентиннің үрдіске қатысу дәрежесін;

5) кіреуке тісжегісінің дентин тісжегісіне ауысуын.

8.Дентин тісжегісі кезінде қуыстың орналасуы:

1) тіс ұлпасында;

2) дентинде;

3) кіреуке және дентинде;

4) кіреукеде;

5) периодонтта.

9.Дентин тісжегісі кезінде қуысты сүңгілегенде:

1) барлық белбеуде ауырады;

2) қуыс табаны аймағында ауырады;


Конечно, для полного рассмотрения вопроса 'ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 7 страница', приведенной информации не достаточно, однако чтобы понять основы, её должно хватить. Если вы изучаете эту тему, с целью выполнения задания заданного преподавателем, вы можете обратится за консультацией в нашу компанию. В нашей команде работает большой состав специалистов, которые разбираются в изучаемом вами вопросе на экспертном уровне.

Хм, так же просматривали

Заказ

ФОРМА ЗАКАЗА

Бесплатная консультация

Наша компания занимается написанием студенческих работ. Мы выполняем: дипломные, курсовые, контрольные, задачи, рефераты, диссертации, отчеты по практике, решаем тесты и задачи, и многие другие виды заданий. Чтобы узнать стоимость, а так же условия выполнения работы заполните заявку на этой странице. Как только менеджер увидит ваше сообщение, он сразу же свяжется с вами.

Этапность

СОПРОВОЖДЕНИЕ КЛИЕНТА

Получить работу можно всего за 4 шага

01
Оставляете запрос

Оформляете заказ работы, заполняя форму на сайте.

02
Узнаете стоимость

Менеджер оценивает сложность. Узнаете точную цену.

03
Работа пишется

Оплачиваете и автор приступает к выполнению задания.

04
Забираете заказ

Получаете работу в электронном виде на вашу почту.

Услуги

НАШ СЕРВИС

Что мы еще делаем?

icon
Дипломные работы

от 9800 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Доклады

от 380 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Проектные работы

от 3300 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Сочинения

от 280 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Решение тестов

от 320 рублей

ПОДРОБНЕЕ
icon
Студенческие работы

от 80 рублей

ПОДРОБНЕЕ