Слишком сложно? Тогда запросите консультацию специалиста!
Наша компания занимается тем, что помогает студентам выполнять различные учебные работы на заказ. Вы можете ознакомиться с перечнем выполняемых работ, а так же с их стоимостью на странице с ценами.
Орындау ережесі. Сіз осы тест көмегімен өзіңізді сипаттауға тырысыңыз. Бұл тест сіздің интеллектіңізді немесе қабілетіңізді бағаламайды. Зерттеу нәтижесінде сізге күнделікті өмірде әсер ететін кейбір ерекшеліктер көрініс береді. Сауалнамада адами қасиеттер сапасы келтірілген, оларды жақсы немесе жаман деп айтуға болмайды, бірақ олар сіздің мінез-құлқыңызды білдіреді. Егер сапа сізге сәйкес келсе, оның реттік нөмірін жауап параққа санымен белгілеп түсіріңіз. Жауап беру үшін ұзақ ойланбаңыз, жауап беруге 20-30 минут беріледі. Есте сақтайтын жайттар:
-егер аталған жағдаят жиі кездесетін болса, ол сапаны белгілеңіз;
-қайталанатын жағымсыз қасиеттерді белгілемей қалдырмаңыз;
-өз сапарыңызды қанша жақсы білсеңіз, сіз өзіңізді сонша толығырақ сипаттайсыз.
Сізге тесті орындау бойынша берілген нұсқау түсінікті болса, жылдам жұмыс жасаңыз және шынайы жауап беріңіз.
Орындау уақыты 30 минут.
Тапсырмалар.
Л.П.Калинскийдің даралық сауалнамасы бойынша хаттама
Аты-жөні - Жасы-
Сыныбы Күні
| Шкалалар | ||||||||||||
| Қасиеттер | Конфликтілі аймақ | |||||||||||
| Қасиеттер | ||||||||||||
| Қасиеттер | 10, | Адаптивті аймақ | ||||||||||
| Қосынды | ||||||||||||
| Аймақтар (қасиеттердің көрінуі) | Супер аймақ | |||||||||||
| Аймақтар | Перспективті аймақ | |||||||||||
| Аймақтар | Потенциалды аймақ | |||||||||||
| Аймақтар | Номиналды аймақ | |||||||||||
| Бағыт тылық | Іс кер лік | Бас ым бо лу | Өзі ңе сен ім діл ік | Та лап ету ші лік | Қың ыр лық | Жұм Сақ тық | Тәу ел ді лік | Пси Хол Огия лық | Қай Ыр Ым Ды лық |
Өз-өзінің психологиялық қасиеттерін бағалау әдістемесі
Өз-өзін бағалауды анықтауға Столяренко ұсынған әдістемені пайдалануға болады.
Мақсаты:Алдын-ала ұсынылған жеке тұлға қасиеттері тізімі бойынша зерттелінушінің өзіндік ерекшеліктерін бағалауының деңгейін анықтау
Орындау ережесі: зерттелінушіге жеке тұлғаға тән қасиеттердің атымен аталған екі кесте ұсынылады.Оның әрқайсысында адамға тән 20 психологиялық қасиеттер тізімі берілген.
Бірінші кезеңде кесте түсірілген бірінші бланкідегі сұрақтарға армандаған, идеалды түрде бейнеленген адамыңа сай келетін қасиеттері қандай болуы керек екенін анықтап, олардың реттік нөмірін қанат белгімен белгілеп қою керек. Келесі кезеңде сол сұрақтарға беретін жауаптарыңыздың баллдарын зерттелінушінің өз тұлғасының көрсеткіштеріне тән етіп бағалауы керек. Маған тән деп анықтаған екінші бланктегі сұрақтардың реттік нөмірін дөңгелектеп сызып қою тапсырылады.бірінші бланкіні толтырғаннан соң зерттелінуші екінші бланкідегі кестені толтырады.
Тапсырма толық орындалғаннан соң олар талдау ережесіне сай көрсеткіш бойынша бағаланады: қызбалылығы, агрессивтілігі, ашықтығы, байсалдылығы, маскулизм-феминизм.
Тапсырмалар (әр зерттелінушіге екі бланк беріледі)
| 1. Өз қылықтарыңызға көңіліңіз толмаған кездер жиі болады ма? | ||||||
| 2. Өзіңізге қажеті жоқ заттарға ақшаны жарата беремін деп есептейсіз бе? | ||||||
| 3. Қандай сұрақ қойылса да оған дұрыс жауап бере аламын деп есептейсізбе? | ||||||
| 4.Бұрын болған сәтсіздіктер туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма? | ||||||
| 5.Сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінетін кездер болады ма? | ||||||
| 6.Қатал тәртіпке бағынуға даярсыз ба? | ||||||
| 7. Бөтен адамдардың алдында өз сезіміңізді білдіре аласыз ба? | ||||||
| 8. Өз агрессивтілігіңізден өзіңіз қорықпайсыз ба? | ||||||
| 9. ұрыс-жанжал, төбелес арасында жиі боласызба? | ||||||
| 10. Сіздің шынында жақсы көретін адамдарыңыз аз ба? | ||||||
| 11.Көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеуге даярлық барысында күйгелектенесіз бе? | ||||||
| 12.Өз кінәңізді мойындау сізге өте қиын ба? | ||||||
| 13. Магазинде сіздің ақшаңызды жеп қойса оны сатушыға айтасыз ба? | ||||||
| 14. өзіңіз ұнататын жігітпен(қызбен) ашық сөйлесе аласызба | ||||||
| 15.Сізді сыртыңыздан сөз етіп жүрген сияқты сезімге бөленесіз бе ? | ||||||
| 16. Мектепті жақсы бағамен аяқтау керек деп есептейсізбе? | ||||||
| 17.Қызғаншақтығыңызды ояту оңай ма? | ||||||
| 18. Тырнағыңызды немесе қаламды қажап отыратын кездеріңіз жиі болады ма? | ||||||
| 19. Басыңыз жиі ауырады? | ||||||
| 20. Үлкен топтың ішінде қысыласыз ба? | ||||||
| 21. Біреумен кикілжің жағдайға келіп қалмау үшін айтқанына көнесізбе? | ||||||
| 22. Көпшілік жиналған мерекелерде көңіліңіз көтеріңкі болады ма? | ||||||
| 23.Майда –шүйдеге бола келіспеушілікке жиі ұшырайсыз ба? | ||||||
| 24.Маңызды шешім қабылдағанда күйгелектенгеніңізді сездіңіз бе? | ||||||
| 25. Жасырын көңіл көтеру жолдарын жиі іздейсіз бе? | ||||||
| 26.Сізге зиян келтіретін адамдар көп деп есептейсіз бе? | ||||||
| 27. Достарыңызбен өткізген кештерді жандандыруға үлес қосасыз ба? | ||||||
| 28.Дабырлы әуенді ұнатасызба ? | ||||||
| 29. Басқалардың кеңесіне зейін аударасыз ба? | ||||||
| 30. Басқаларды басқарушыдан орындаушы рөлін жақсы көресіз бе? | ||||||
| 31. Сыртқы көрінісіңізде кемістік бар деген ой сізді жиі мазалайды ма? | ||||||
| 32.Қажет болғанда агрессияға бірден жауап беруге қабілеттісіз бе? | ||||||
| 33. Жабысқақ қорқыныш сезімі сізді мазалайды ма? | ||||||
| 34. Әдет-ғұрыпты сақтайсыз ба? | ||||||
| 35. Спортпен шұғылдануда белсенділік көрсетесіз бе? | ||||||
| 36. Сіздің қандай мінез көрсететініңізді болжамдау қиын ба? | ||||||
| 37. Ашушаңсыз ба? | ||||||
| 38. Әңгімеге килігіп кетесіз бе? | ||||||
| 39. Сізді басқалар ұятқа қалдырды деп жиі есептейсіз бе? | ||||||
| 40. Сізді ешкім түсінбейтіндей болып көрінеді ме? | ||||||
| 41. Дабыр шу сіздің жұмыс істеуіңізге кедергі жасайды ма? | ||||||
| 42.Асқазаныңыз жиі ауырады ма? | ||||||
| 43. Сіз жиі ынтасыздық көрсетесіз бе? | ||||||
| 44. Басқа адамның намысына тиіуге қабілеттісіз бе? | ||||||
| 45. Саясатқа қызығушылық білдіресіз бе ? | ||||||
| 46. Кенеттен қайтыс боламын деген ой басыңызды ауыртады ма? | ||||||
| 47. Бір кезде керек болып қалатын шығар деген оймен қор жинайсыз ба? | ||||||
| 48.Қызғаншақтық сезімге терең бөленген кездеріңіз болады ма? | ||||||
| 49.Көңіл күйіңіз әдеттегіден көтеріңкі болатын кез болады ма? | ||||||
| 50. Өз өміріңіздің мәні бар деп ойлайсыз ба? | ||||||
| 51. Өзіңізге айтылған сынды қабылдайсыз ба? | ||||||
| 52. Өзгелердің жақсы өмір сүргенін көре алмайсыз ба? | ||||||
| 53. Жалғыз отырып жұмыс істегенді ұнатасыз ба? | ||||||
| 54. Жабысқақ ойларға жиі бөленесіз бе? | ||||||
| 55.Өмірдегі майда-шүйделер сізді мазасыздандырады ма? | ||||||
| 56. Тамақты асықпай ішесіз бе? | ||||||
| 57. Өз пікіріңізді жасырмай айтасыз ба? | ||||||
| 58. Өз кластасстарыңыздың ерекшеліктерін өзгелермен талқылайсыз ба? | ||||||
| 59.Өзіңізді асқақ мінездімін деп есептейсіз бе? | ||||||
| 60.Біреуге телефон шалғанда өзіңізді ыңғайсыз сезінесізбе? | ||||||
| 61. Ырғақты, сезімге бөлейтін әуенді ұнатасыз ба? | ||||||
| 62. Күнделікті жеке гигиенаны сақтайсыз ба? | ||||||
| 63.Өзіңізді тәуелсізбін деп есептейсіз бе? | ||||||
| 64. Жағымсыз әдеттеріңіз барма? | ||||||
| 65. Өзіңізді қорғау үшін басқа адамның өмірін қиясыз ба? | ||||||
| 66. Сұлу адамды көргенде масаттанасыз ба? | ||||||
| 67. Барлық уақытта сыпайы киіну керек деп есептейсіз бе? | ||||||
| 68. Футбол командасының жанкүйерісіз бе? | ||||||
| 69. Қарызға ақшаны жиі аласыз ба? | ||||||
| 70.Үйден шығып кеткенді жақсы көресіз бе? | ||||||
| 71. Баланы жақсы көресіз бе? | ||||||
| 72. Суық хабарлар сізді ұзақ мазасыздандырады ма? | ||||||
| 73. Жетекші болғыңыз келеді ме? | ||||||
| 74. Табысты адамдарға жақын болғыңыз келеді ме? | ||||||
| 75. Ұйқыңыз тыныш па? | ||||||
| 76.Сізге тартыншақ,ызаланып жүретін адамдар ұнай ма? | ||||||
| 77. Сіз өзіңіздің агрессивтілігіңізді тізгіндеп жүресіз бе? | ||||||
| 78.Егер Сіздің Отаныңызға басқыншылар қол сұқса майданға аттанасыз ба? | ||||||
| 79.Достарыңызбен сексуалдық мәселелерді талқылайсыз ба? | ||||||
| 80.Күнделікті жағдайда ізгі ниеттісіз бе? | ||||||
| 81.Ашық айтқан пікір «атмосфераның тазалығын» сақтаудың кепілі деп есептейсіз бе? | ||||||
| 82.Көпшілік арасында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе? | ||||||
| 83.Шылым шегесіз бе? | ||||||
| 84.Жақсырақ оқуға шамам келеді деп есептейсіз бе? | ||||||
| 85.Отбасында барлық жерден де жақсы, деп есептейсізбе? | ||||||
| 86.Өзіңізге сеніміңіз күшті деп есептейсіз бе? | ||||||
| 87.Басқалармен қарым-қатынастан ләззаттанасыз ба? | ||||||
| 88.Коллекция жинауға құмарпазсыз ба? | ||||||
| 89.Сабақ үстінде мұғалім сізге басқалардан көбірек көңіл бөледі деп есептейсіз бе? |